Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да педагог-ғалымдардың ресми бастамасымен эксперименттік білім беру бағдарламалары әзірленді

Университеттің педагог-ғалымдары аймақтағы сұранысқа ие жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуде белсенді жұмыс атқарып жатыр.

Бұл жағдайда ең басты критерий экономикалық және әлеуметтік салалар дамуының серпіні мен келешегін, еңбек нарығының үрдістерін, жұмыс берушілердің қажеттіліктерін, халықтың білім беру қажеттіліктерін ескеру болып табылады.

2017-2020 жылдарға арналған «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында: университетте адамзат қаржысын дамыту жол картасы бойынша сандық экономиканың 2018-2020 жылдарға арналған «Компьютерлік мехатроника» (компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы) және «Сандық гуманитаристика» (Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы) бакалавриат мамандықтары бойынша эксперименттік білім беру бағдарламасы әзірленді.

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігінің «Жоғары оқу орындарында эксперименттік білім беру бағдарламаларын іске асыру туралы» 2018 жылдың 24 сәуіріндегі №176 бұйрығына сәйкес, 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, «Компьютерлік мехатроника» - 5В060200 «Информатика», «Сандық гуманитаристика» - 5В011400 «Тарих» мамандықтары аясында эксперименттік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға рұқсат берілді.

Біз осы білім беру бағдарламаларына түсуге мектеп бітіруші түлектерді шақырамыз. 

Академиялық саясат және білім беру

бағдарламалары басқармасы депармаменті

Қазақ
× You found a Typo