Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да педагогикалық емес мамандықтардың соңғы курс студенттеріне арналған бос орын жәрмеңкесі өтті

29 қарашада педагогикалық емес мамандықтардың 4 курс студенттері үшін бос орын жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Іс-шарада Шығыс Қазақстан облысының 25 атсам ірі мекемелері мен кәсіпорындар өкілдері қатысты: Өскемен қаласының жұмыспен қамту орталығы, ШҚО ұлттық кәсіпкерлер «Атамекен» палатасы, ШҚ облыстық прокуратурасы, ШҚО төтенше жағдайлар департаменті, ШҚО экология департаменті, ШҚО сот әкімшілігі, «Шығыс Ақпарат», КазНИИРХ, «Казцинк» ЖШС, ШҚО «Казгидромет», «Защитинский элеватор» ЖШС, «Альтернатива» медиация және құқық орталығы, «ДарКонсалтинг» ЖШС, «Жас техниктер станциясы» КММ, «Экобиоцентр»,  ШҚО Орман шаруашылығын аумақтық тексеру орталығы,  «Шығыс Кағанаты» ЖШС, «Sanur Tour» туристтік агенттігі және т.б.

Бос орын жәрмеңкесі студеттерге  «бірінші қолдан» бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу шарттары мен талаптары, сондай-ақ әлеуметтік кепілдіктер беру туралы ақпарат алу мүмкіндігі берілді.

Сонымен қатар, бос жұмыс орындар жәрмеңкесі аясында алғаш рет Mock Interview сессиясы өткізілді. Макет сұхбаттасу - студенттерді нақты жұмыс сұхбатын сәтті өтуге үйрету үшін пайдаланылатын әңгімелесу үлгісі. Осындай тәжірибе қиын сұрақтарға қалай жауап беру керектігін үйренуге көмектеседі, софт дағдырларды жетілдіруге көмектесіп, шынды сұхбаттасу кезінде стрессті төмендетеді.

«Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында Өскемен қаласының Жұмыспен қамту орталығының өкілдері жастар тәжірибесі туралы айтып берді.

«Осы бағдарламаға сәйкес, түлектер 6 айлық кезеңде өздерінің қабілеттерін көрсетіп, практикалық тәжірибе алады.

Болашақта, тәжірибе аяқталғаннан кейін, тұрақты жұмысқа қол жеткізе алады», - деп Юлия Азарова -

Өскемен қаласының жұмыспен қамту орталығының оқу және уақытша жұмыспен қамту бөлімінің бастық орынбасары айтты.

Жұмыс берушілер университет түлектерінің жоғары дайындық сапасын атап өтіп, келесі жылы білікті жас мамандар олардың қатарына қосылатынына үміт білдірді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мекемелеріндегі бос жұмыс орындар тізімін студенттер №1 оқу ғимаратының №226 кабинетіне келіп білулеріне болады.

Әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі,

Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындау орталығы

Қазақ
× You found a Typo