2020-2021 оқу жылында кәсіптік практика ҚР БҒМ «Кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға» сәйкес жүргізіледі.
Осыған байланысты «Педагогикалық практиканы ұйымдастыру және өткізу ережесі және практика базасы ретінде ұйымдардың базасын анықтау ережесі» атты жаңа жоба әзірленді.
eUniver порталында «Кәсіби іс-тәжірибе» модулі құрылды, оның компоненттері мен мазмұны әзірленді. Бұл модуль кәсіби практиканың барлық кезеңдерін жүйелі ұйымдастыруды, пайдаланушылардың барлық топтарының өзара тығыз байланысын, бақылауды, қорытынды шығаруды және бағалауды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, «Кәсіптік іс-тәжірибе бағдарламасына», білім алушының жұмыс жоспар-кестесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, тапсырмалар өзектілендірілді. Іс-тәжірибе бойынша барлық әдістемелік құжаттама қашықтықтан оқыту шарттарына бейімделген.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы мен білім беру гранттарының қаражаты есебінен педагогикалық практиканың ұзақтығын ұлғайту және практикаға басшылық жасау үшін педагогтарға еңбекақы төлеу көзделеді.
Баспасөз қызметі