Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да педагогикалық іс-тәжірибенің қорытынды онлайн-конференциясы өтті

«Химия» мамандығының 3-курс студенттерімен оқу-тәрбиелік үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибенің қорытынды конференциясы ZOOM платформасында онлайн режимінде өтті.

Конференцияға химия кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Б.К. Шаихова, іс-тәжірибе жетекшілері мен 2-3 курс студенттері қатысты.

Оқу-тәрбиелік үздіксіз іс-тәжірибе 20-қаңтар мен 30-сәуір аралығында Өскеменнің №15 және №16 орта мектептерінде өтті. Төтенше жағдайға байланысты төртінші тоқсанда студенттер де қашықтан жұмыс жасады.

Осы уақыт аралығында төмендегі жұмыстарды жауапкершілікпен атқара білді – химия пәні бойынша 7-11 сыныптарда ТД трансляциясы, Bilim-land, www.opiq.kz, Kundelik.kz және т.б. онлайн-сабақтарға қатысу, онлайн сабақтарға талдау жасау, бір сабақтың видео фрагментін көрсету, химия мұғалімімен, сынып оқушыларымен қашықтан білім беру үрдісіне қатысу, химия пәнінен КТЖ сәйкес тақырып бойынша «Айрен» бағдарламасында тест тапсырмасын құрастыру, сынып жетекшісімен сынып сағатын өткізу, сынып сағатына «Quizz» бағдарламасында викториналар әзірлеу, электрондық күнделік-есепті толтыруды аяқтау, қысқаша аналитикалық есеп дайындау, есепке қосымшаларды ресімдеу, іс-тәжірибе бойынша есепті бекіту, есепті қорғау үшін презентация дайындау.

Конференция соңында химия кафедрасының меңгерушісі Бақыт Қалиасқарқызы студенттердің еңбегін бағалап, алғыс білдірді.

Сән Оразова,

химия  кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo