Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да пластмассалардың табиғи компоненттермен алмастыру мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті

Экология және география кафедрасының студенттері мен оқытушылары «Пластмассалардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсерін табиғи компоненттермен алмастыру арқылы барынша азайту» дөңгелек үстелін өткізді.

Дөңгелек үстелге экология және география кафедрасының оқытушылары, экология мамандығының 2-3 курс студенттері, Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті облыс бойынша экология департаментінің өкілдері, Өскемен қаласы әкімдігінің «Экобиоцентр» ОЗ, «Экосервис С» ЖШС өкілдері қатысты.

Отырыста «Пластмассалардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсерінің салдары», «Саңырауқұлақтар – пластмасса алмастыруға арналған табиғи ресурс», «Биопластиканы өндіру үшін балдырларды пайдалану», «Картоп крахмалы және одан жасалған биопластикалық материалдардар», «Дәнді дақылдардан жеуге жарамды бірреттік ыдыс-аяқтар өндіру», «Бір рет қолданылатын ыдыс-аяқтарды өндіру үшін ағаш жапырақтарын пайдалану» тақырыптары талқыланды. Баяндамашылар слайдтармен көптеген нақты мәліметтер ұсынды.

Қорытындысында табиғи компоненттерді пайдалану арқылы пластикті ауыстыру туралы ұсыным қабылданды.

Экология және география кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo