Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Президент сайлауының қорытындысы талқыланды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы NUR OTAN бастауыш партия ұйымының жиынында сайлау қорытындысы талқыланды.

СД және ҒЖ жөніндегі проректор И. Ровнякова университетте сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, таза, әділ әрі белсенді өткенін атады.

Жиында оқытушылар А. Жиренова, М. Мағзұмов, кәсіподақ төрайымы Н. Аяғанова сөйледі.

Олар оқу орнындағы сайлаудың өтуін жоғары бағалап, партия мүшелерінің есіне Қ. Тоқаевтың ұлықтаудағы сөйлеген сөзінің басым бағыттарын салды.

Баспасөз қызметі

 

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімі барысында Қазақстан халқы алдында ант беріп, Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми түрде кірісті.

Жаңа сайланған ел Президентінің сөзі Тұңғыш Президент бағытының сабақтастығы саясатымен қатар жаңа идеяларға толы болды, мәселен әлеуметтік және экологиялық саясатты жаңарту, Қоғамдық сенім ұлттық кеңесін құру ұсынылды. Өзінің баяндамасында Қасым-Жомарт Тоқаев «Еліміз тұрақты дамудың жаңа кезеңіне өтуі үшін жаңа амал-тәсілдер мен жаңа шешімдер қажет. Олар жуық арада жұртшылыққа жарияланатын болады» деді. 

Ел Президентінің қоғам үшін маңызды негізгі сөздері «мемлекеттік билік формуласы – мықты өкілетті Президент, ықпалды әрі қабілетті Парламент, халыққа есеп беретін Үкімет», «уәде бермей, істеу керек», «билік азаматтардың талап-тілегін естуі, мәселелерді дер кезінде шешуі тиіс, тұрғындар алдында тұрақты түрде есеп беріп отыруға міндетті», «тыныштық, татулық, халықтың келісімі мен бірлігі – басты құндылық» болды.

– Менің мақсатым – қоғам бірлігін қамтамасыз етіп, әрбір азаматтың құқығын қорғау. Ал ең бастысы, әрдайым және әр жерде Қазақстанның ұлттық мүдделерін сақтайтын боламын, – деп атап көрсетті мемлекет басшысы.

Өңірдегі іргелі жоғары оқу орнының ректоры ретінде мен үшін Президенттің жастарға арнап айтқан сөздері ерекше маңызды болды.

– Жас буынға айырықша айтарым – сіздер ел дамуында ерекше рөл атқарып, өркендеудің қозғағыш күшіне айналуларыңыз қажет. Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Арнайы жоба қолға алынды. Біз бизнесті дамыту бағдарламасын іске асырудамыз, енді стартаптарды қолдап, жастарды жұмыспен қамту бағдарламасын әзірлейтін боламыз. Менің міндетім – арман-тілектеріңіздің орындалып, табысқа жетулеріңіз үшін барлық жағдайларды жасау, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысының айтуынша, елімізде президенттік кадрлық резерв жасақталатын болады.

– Біздің жастар – еңбекқор, мақсатшыл, креативті, – деп атап өтті ол. – Ендеше Қазақстанның келешегі сенімді қолда.

М. Төлеген,

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры,  профессор

Қазақ
× You found a Typo