Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «PRI» Өкілдігінің халықаралық сарапшысымен кездесу өткізілді

ШҚМУ-да «Penal Reform International» өкілдігінің  халықаралық  сарапшысы Антон Ван Калмтутпен кездесу өткізілді (PRI халықаралық түрме реформасы). Мақсат – 2016 жылы «PRI» өкілдігінің қолдауымен жүзеге асырылған «Кәмелетке толмағандарға арналған пробацияны модельдеу» жобасының нәтижесімен танысу.

Кездесуге PRI жобаның координаторы Екатерина Кавлис, психология және коррекциялық педагогика кафедрасының профессоры, (UNICEF) БҰҰ балалар қорының кеңесшісі Ирина Мацкевич, психология және коррекциялық педагогика кафедрасының аға оқытушылары Жанель Ақанова (PRI жобаның психологы) мен Жанар Смайылова (ШҚМУ психофизиологиялық зертхананың маманы) қатысты.

Сонымен қатар, жоба шараларына қатысқан Өскемен қаласының  әлеуметтік құрылымдар мен білім беру мекемелерінің өкілдері шақырылды. Олар – гуманитарлық колледждің тәрбие жөніндегі директорының орынбасары Ж. Жұманазарова, №15 орта мектебінің мұғалімі, жобаға қатысқан жасөспірімнің сынып жетекшісі А. Жақыпова, О. Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхананың бөлім меңгерушісі Ж. Жиенбекова, Өскемен қаласы жұмыспен қамту орталығының маманы Ю. Кошкарова.

Талқылауға жобаға қатысқан жасөспірімдер – Алдияр Төлебісов мен Евгений Бердюгов болды. Олар өз ойларымен бөлісіп, сарапшы қойған сұрақтарға жауап берді. Қазіргі уақытта олардың жасы 18-ден асқан, оқиды және жұмыс істейді.

Кездесу достық және іскерлік атмосферада өтті және ШҚМУ Біліктілікті бекіту орталығының және психофизиологиялық зертхананың қатысуымен аяқталды.

Смаилова Ж.У., Аканова Ж.М.

ШҚМУ ББО, психология және коррекциялық педагогика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo