Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да профессор И.А. Полтараниннің 80 жылдық мерейтойы аталып өтті

Университетте еңбек ардагері, тарих ғылымдарының кандидаты, ШҚМУ-дың құрметті профессоры Иван Аникеевич Полтараниннің 80 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

– Сіз тарихи үрдістерді зерттей отырып биік белестерге жеттіңіз, – деді салтанатты жүргізген Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Ж. Әубәкірова.

И. Полтаранин еңбек жолын оқытушы ретінде ШҚМУ-да 1965 жылы бастаған. 1974-80 жылдары тарих кафедрасын басқарды, 1982-87 жылдары тарих факультетінің деканы болды.

– Иван Аникеевич 45 жыл тарихшы мамандарды даярлады. Ұстаздың шәкірттері бүгінде елімізде ғана емес, шет елдерде де табысты еңбек етіп жүр. Ағамыздың ұйымдастырушылық қабілеті арқасында тарих кафедрасы, кейін факультеті үздік құрылым атанды. Оқытушының шешендік шеберлігі, көпшілікті баурап алу қасиеті бір бөлек. Оқу орнында жүріп ол 40-тан астам ғылыми еңбек жазды. Зейнеткерлікке шықса да Иван Аникеевич ШҚМУ-мен байланысын үзген жоқ, түрлі шараларға белсенді қатысып, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп келеді, әлі де ғылыммен шұғылданып, еңбектер жазуда, – деген С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген мерейтой иесіне Сәрсен Аманжолов атындағы медальды табыс етті. 

Әріптестерін құттықтауға көптеген танымал тұлғалар келді.

 – Иван Аникеевич студенттердің сүйікті ұстазы болып қала береді, ол кісіде тәкаппарлық, мансапшылдық деген жоқ. Ұстаздың ұсынысымен тарих факультеті өзінің 55 жылдық мерейтойына арнап жинақ басып шығарды, – деді Ж. Әубәкірова.

– Басты байлығым – отбасым, балаларым, немелерім, шөберелерім. Екінші байлығым – менің шәкірттерім, – деді мерейгер. 

Деніңіз сау, ғұмырыңыз ұзақ болсын, Иван Аникеевич!

Фото https://cloud.mail.ru/public/7Ao6/A8uDBtMDq

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo