Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да профессор К.П.Прокоповтың авторлық көрмесі өтуде

Ғылыми кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» жобасының аясында алтын бесік Алтай туралы, оның табиғаты, байлығы туралы сыр шертетін б. ғ. к., доцент ЖАК, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры Прокопов Константин Павловичтің авторлық фотокөрмесі ашылды.

Экспозицияға 30-дан астам фотосуреттер қойылған. Аталған көрме – автордың бүкіл Шығыс Қазақстан жерін жылдап шарлаған жемісі. Оларда табиғаттың сұлулығының барлық болмысы, біздің өңірдің тұтас байлығын, таулардың дархан далаға қарай көсілетін асқақтығын, күрең күзден, қаһарлы қыстан хабар ала келетін жыл мезгілдерінің түрлі күйге енетіні жеткізілген. Фотосуретші өзі көрген нәрсенің барлығын өзгелердің де жүрегіне жеткізуге тырысады.

Олар: далалы жердің гүлдері, жарқабақтар, өзендер мен мөлдір бұлақтар, сол бұлақтарлың үстінен төнген ағаштар, кәдімгі ақша бұлттар, қайыңды ормандар, көгалды алқаптағы күнмен шағылысқан үйеңкі жапырақтары мен басқа да көптеген дүниелер. Қас-қағым сәтті асқан жылдамдықпен ұстай алып, нақтылап айтқанда, оның көлеңкелі және жарықты тұстарын композициясын естен шығармай, ерекше сауаттылықпен дөп табу... Сонда болып жатқан оқиғаның көңіл-күйі мен сезімді бейнелейтін кезеңдері нағыз сурет болып шығады.

Бұл көрмеге қойылған фотосуреттер барша көрерменді, оның ішінде экологтар мен биологтарды ерекше қызықтырары сөзсіз. Табиғат сұлулығын көргісі келетіндерді №1 оқу ғимаратында орналасқан студенттер оқу залында (303 ауд.) ашылған көрмеге шақырамыз!

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo