ШҚМУ-да ЖОО ректоры М.Ә. Төлегеннің төрағалығымен Университет кураторларының кеңесі болып өтті.
– Елбасының Жолдауымен келер жыл «Жастар жылы» болып жарияланған-ды. Сондықтан біз нақты жоба-жоспарларды әзірлеп, барлық іс-әрекеттерімізді оқу мен тәрбиеге, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағыттауымыз қажет, – деді ректор.
Оқу орнының басшысы студенттердің салауатты өмір салтын ұстануына, жатақханаларда тегін фитнес-клубтар ашуға, спорттық секцияларды дамытуға, нашақорлықтың алдын алуға, жастарды жат діни ағымдардан сақтауға жіті назар аудару керектігін атап көрсетті.
Алдағы уақыта, сонымен қатар, түлектерді жұмыспен қамту, педагогикалық іс-тәжірибелерді өткізу, кәсіби бағдарлау жұмыстарын ұйымдастыру, «Таза сессия» сында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жүргізу міндеттері қойылып отыр.
Отырысқа ШҚМУ серіктесі – Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстазы Н. Қайратова қатысып, өздерінің «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы, «Қоғамға қызмет» әлеуметтік жобасы сияқты жаңа бастамалары мен тәрбие жұмыстарының әдістері туралы айтып берді.
Фото https://cloud.mail.ru/public/DQ2d/kvKFZjaDD
Баспасөз қызметі