С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ректорат отырысы өтіп, онда 14 мәселе қаралды.
Отырыста келесі мәселелер қарастырылды: университет мұражайының қорын С. Аманжоловтың 115 жылдығына орай ЖОО даму тарихына қатысты жәдігерлермен толықтыру, С. Аманжоловтың мерейтойына арналған салтанатты іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыс тобын құру, виртуалды мұражай жасау.
Басқа мәселелер қатарында – Мажарстандағы Абай институтын ашуға әзірлену, 2019-2020 оқу жылына арналған контингентті қалыптастыру және талапкерлерді жинақтау бойынша кәсіби бағдарлау жұмысын ширату.
Мұнымен қоса, бакалавриаттың, магистратураның және PhD докторантураның жаңа мамандықтарын ашу бойынша жұмысты жалғастыру, оның ішінде «Мұнай-газ ісі», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Мұражай ісі және ескерткіштерді сақтау», «Археология және этнология» мамандықтарын ашу бойынша мәселені зерделеу ұсынылды.
Сондай-ақ, студенттердің көптігіне байланысты Психология, педагогика және мәдениет факультетін қайта құру, Өнер және мәдениет атты жаңа факультет ашу бойынша ұсыныс қаралды.
Отырыста халықаралық импакт-факторға ие ғылыми журналдарда мақалаларды көбейту, түлек студенттерге жұмыспен қамту бойынша түсініктеме беру мәселелері де қаралды.
Баспасөз қызметі