Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да ректорат отырысы өтті

Ректорат отырысында үш өзекті мәселе қаралды – үштілділік бағдарламасын дамыту, кәсіби бағдарлау жұмысы және оқу орны ғылыми кітапханасын жаңғырту.

«ШҚМУ-дағы 2015-2020 жылдарға арналған үштілділік білім беруді дамытудың жол картасын іске асыру барысы туралы» оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Анар Мырзағалиева ақпарат берді.

«Заманауи ақпараттық-технологиялық орта жағдайында ШҚМУ ғылыми кітапханасының қызметін жаңғырту туралы» ғылыми кітапхана директоры Перизат Нұралиева хабарлады.

«2017-2018 оқу жылында университет факультеттері мен кафедраларындағы кәсіби бағдарлау жұмысының сапасы және 2018-2019 оқу жылына арналған студенттер құрамын қалыптастыру келешегі туралы» Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындау орталығының жетекшісі Әсия Мәшекенова баяндады.

Әр мәселе бойынша ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген университет қызметінің осы негізгі бағыттарын жақсартуға қатысты өз ұсыныстарын берді. Жуық арадағы жоспарлар ішінде – 27 наурызда үштілділік және кәсіби бағдарлау мәселелері бойынша ректор жанындағы кеңесті өткізу, облыс мектептері бойынша кәсіби бағдарлау жұмысын аяқтау және сәуірде мектеп директорларына арналған семинар өткізу.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo