Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да ректорат отырысы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ректораттың кезекті отырысы өтті.

Ректор М.Ә. Төлеген "2019 жылдың 22-ші және 26-шы сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің алдын ала бақылауы барысында анықталған бұзылушылықтарды жою бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың іс-шаралар жоспарының" бекітілгені туралы хабарлады. 

Отырыста университет түлектерін жұмыспен қамтудың жағдайы және мәселелері туралы маркетинг, мансап және жұмыспен қамту орталығының маманы А.М. Раисова мәлімдеді.

ШҚМУ-дың «Қазақстан тарихы», «Философия», «Әлеуметтану», «Саясаттану», «Мәдениеттану» және басқа әлеуметтік-гуманитарлық пәндер мазмұнын жаңарту бойынша қызметі туралы Тарих, филология және халықаралық қатынас факультеті деканы Ә.А. Өскемебай ақпарат берді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo