Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да ректорат отырысы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да жаңа оқу жылындағы алғашқы ректорат отырысы өтіп, онда төрт мәселе қаралды.

Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Д. Ерболатұлы жаңа білім бағдарламаларын ашу жұмыстары туралы ақпарат берді. Бүгінде ЖОО-да 95 білім бағдарламасы бар, 7 бағдарлама рұқсатнама алуға ұсынылған.

Қашықтық технологиялар бөлімінің басшысы А. Құдайбергенева білім беру үрдісіне электронды және қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу туралы хабарлама жасады.

Спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу арқылы білімгерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау туралы спорттық клуб жетекшісі Б. Асылбеков құлақтандырды.

Шаруашылық департаментінің директоры Е. Балапанов оқу ғимараттары мен Студенттер үйлерінің оқу жылына дайындығы туралы хабарлады.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген әр баяндама бойынша қорытынды жасап, қыркүйектегі іс-шаралар бойынша ұсыныс-тапсырмалар берді. Оның ішінде 12 қыркүйектегі ШҚМУ-дың тұңғыш ректоры, химия ғылымының докторы, академик Ережеп Мәмбетқазиев атындағы оқу дәрісханасының ашылуы, «Іргелі ғылыми зерттеулер: химия білімі мен ғылымындағы инновациялар» халықаралық конференциясының өткізілуі, 20 қыркүйектегі фитнес орталықтың ашылуы және т.б. бар.  

Фото https://cloud.mail.ru/public/3iJm/4bjh6g5hB   

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo