С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ректораттың кезекті отырысы өтті. Оқу орнының ректоры М.Ә. Төлеген төрағалық еткен отырыста төрт ақпарат тыңдалды.
«Студенттерді шығармашылық бірлестіктерге, студенттік театрларға, еріктілер қозғалысына және түрлі клубтарға тарту туралы» тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы Р.О.Абдрасулин хабарлады.
«Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін коммерцияландырудың жағдайы туралы» ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімінің басшысы М.Б. Әбілев ақпарат берді.
«SANALY URPAQ» жобасын іске асыру бойынша фронт-кеңсенің жетекшісі Г.Т.Байыркенова кеңсе жұмысы туралы баяндады.
Медиакеңістікке ШҚМУ брендін тарату жайында «ALTAI JASTARY» медиаорталығының жетекшісі О.Ю.Сизова мәлімдеді.
Сондай-ақ, өзге де ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Баспасөз қызметі