Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да ректорат отырысы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ректор Мұхтар  Әділбекұлы Төлегеннің төрағалығымен ректораттың кезекті отырысы өтті, отырыс барысында 4 мәселе қаралды. 

Кәсіби бағдар беру жұмыстарының сапасы және алдағы оқу жылына студенттер контингентін қалыптастыру туралы Маркетинг, мансап және жұмыспен қамту орталығының басшысы Ж.Б. Болатова ақпарат берді.

ШҚМУ-дың педагогикалық бағыттағы білім бағдарламалары мазмұнын жаңарту бойынша қызметі туралы педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының меңгерушісі Н.Н.Радченко, физика кафедрасының меңгерушісі  Г.С. Бектасова, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Ж.З. Жантасова мәлімет берді.

«Парасат» СҚКО тіркеу кеңсесінің басшысы М.О. Мұстафина университет түлектерінің академиялық берешектері мониторингінің қорытындысы туралы және білімгерлердің сабаққа қатысуы және оқытушылардың электронды журналды толтыруы мониторингісінің қорытындысы туралы хабарлады.

Отырыс қорытындысында шешімдер қабылдады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo