Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да ректораттың кезекті отырысы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор Мұхтар Әділбекұлы Төлегеннің төрағалығымен өткен ректораттың кезекті отырысында үш мәселе қаралды.

Университет ректоры жоғары оқу орнының басқа шаруашылық жүргізу формасына - жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын коммерциялық емес акционерлік қоғам (КеАҚ) формасына ауысатыны туралы хабарлады. Сондай-ақ, ол қабылдау комиссиясының қызметін ширату, сыбайлас жемқорлықпен күресу және түлектерді жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты міндеттер жүктеді.

2020 жылға арналған университет оқытушылары мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жоспарын бекіту туралы кәсіби дайындық және біліктілікті арттыру ресурстық орталығының директоры Б.Б. Келгембаева хабарлады.

Шаруашылық департаментінің директоры Е.З.Балапанов оқу ғимараттары мен студенттер үйлерінің қысқа әзірлігі жөнінде баяндады.

Университет білім беру бағдарламаларының аккредиттеуге әзірлігінің барысы туралы сапа менеджменті, мониторинг және болжау бөлімінің маманы Л.Т.Жәнібекова ақпарат берді.

Барлық мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданды. 

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo