Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да ректораттың онлайн-отырысы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоратының университет ректоры М.Ә. Төлегеннің төрағалығымен онлайн форматта өткен кезекті отырысында жеті мәселе қаралды.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да қашықтықтан оқытуды енгізу туралы ақпаратты Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры И.С. Стеблецова баяндады.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы М.Н. Мадияров жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерінің мазмұнын жаңарту бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қызметі туралы баяндама жасады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің басшысы Т.А. Абылайханова шетелдік серіктестермен бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы айтты.

Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И.В. Ровнякова қашықтан оқыту жағдайында педагогикалық кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, жоғары оқу орындарын бітірушілерді жұмысқа орналастырудың жағдайы мен мәселелері және су тасқынынан зардап шеккен және қиын өмірлік жағдайға тап болған Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету туралы хабарлады.

СД және ҒЖ жөніндегі проректор И.В. Ровнякова түлектер үшін және Қазақстанда жұмысқа орналасуға қосымша көмек көрсету үшін электронды еңбек биржасы құрылғанын хабарлады.

Маркетинг, мансап және жұмыспен қамту орталығының жетекшісі Ж. Болатова университеттегі онлайн режимінде кәсіптік бағдар беру жұмысының барысы туралы баяндады.

Кездесуді қорытындылай келе, университет ректоры М.Ә. Төлеген университетте қашықтықтан оқыту жалғасып, жетілдірілетініне тоқталды. Ректордың айтуынша, алғаш рет талапкерлердің құжаттары онлайн режимінде қабылданатын болады.

– ХХІ ғасыр – цифрландыру және ақпараттандыру ғасыры. Біз одан артта қалмауымыз керек, – деді ол. – IT-технология бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыруды жалғастыру және күшейту қажет.

Сонымен қатар, университет ректорының пікірінше, барлық факультеттер мен құрылымдық бөлімшелер үшін кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жандандыру қажет. Ректор М.Ә. Төлегеннің айтуынша, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысындағы мектеп түлектеріне арналған 10 оқу гранты бөлініп отыр.

Барлық қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo