Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да республикалық пікірсайыс турнирі өтті

Осымен екінші мәрте еліміздің бірнеше аймағының үздік деген пікірсайысшылары Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған дебат ойынына жиналды.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ араға екі жыл салып «VKGU CUP II» пікірсайыс турнирын қабылдап отыр. Осы жолы да республикалық деңгейде. Ауқымды сайысты өткізуге университет басшылығы қолдау танытқан. ШҚМУ оқу ісі жөніндегі проректоры Амангелді Толамисов сөз алып, барлығына сәттілік тіледі.

 – Бұл жерге шаршы топты қақ жарып, өз пікірін еркін білдіретін ойы ұшқыр жастар жиналды. Сіздердің тартысты ойын көрсетіп, салмақты пікірлер айтатындықтарыңызға сенімдімін. Онымен қоса, жаңа достар тауып, жоғары әсер алып қайтасыздар деген ойдамын, – деді Амангелді Ғабдылкәрімұлы.

Ойыншылар Өскеменнен бөлек Павлодар, Семей, Алматы, Тараз шаһарларынан келді. Қатысушы топтардың ұзын саны – 32.

Іріктеу ойындары Британ парламенттік форматы бойынша өзара үздікті анықтады. Сонымен қатар, жекелей ұпайы жоғары ойыншылар Линкольн-Дуглас форматы бойынша алғашқы айналымдарын өткізді. Енді БПФ ойындарында жоғары ұпай алған топтар белгілі болады.

Әділхан Есімханов,

журналистика мамандығының 3 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo