Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Риддер тәлімбағынан әкелінген шыршалар отырғызылды

20-шы сәуірде Экология және география кафедрасы жыл сайын сәуірдің үшінші сенбісінде өткізілетін «Бүкілқазақстандық орман отырғызу күніне» арналған шара ұйымдастырды.

Шара Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы бастамасымен, сонымен бірге Риддер орман шаруашылығы, Самырсын орман шаруашылығы және Алтай ботаникалық бағы қолдауымен жүзеге асырылды.

«Саябақтар маршы» – жыл сайын өтетін, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды қолдау идеясы аясына табиғат жанашырларын біріктіретін халықаралық акция.

Шараның мақсаты – студенттердің экологиялық білімі мен мәдениетін арттыру, табиғатқа деген сүйіспеншілікке, паториотизмге тәрбиелеу және табиғатқа деген ұқыпты қарым-қатынасты қалыптастыру.

«Экология және география», «Биология» кафедрасының студенттері Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы қызметкерлерінің басшылығымен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ №4 ғимараты маңына 50 түп көшет отырғызды. Шараға стратегиялық даму және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Ғалымбек Сералин және Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы Досым Ерболатұлы, Алтай телеканалының журналистері шақырылды.

Экология және география кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo