С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ІТ-инфрақұрылымды дамыту мақсатында, ІТ-мамандықтарда, соның ішінде «Компьютерлік мехатроника» бағдарламаларындағы оқу процессінде қолданылатын роботтар кешені жаңартылды.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да білім беру қызметтері мен ғылыми зерттеулер жүргізу үшін, оқу орнының заманауи инфрақұрылымын дамыту мақсатында заманауи оқу және зертханалық база құрылуда.
Бұл мәселені шешу үшін аудиториялар мен ғылыми зертханаларды заманауи құрал-жабдықтармен және жиһаздармен жабдықтау, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының мектептеріндегі кафедра филиалдарының жұмысын қамтамасыз ету жоспарланған.
2019-2020 оқу жылында, университет ректорының бастамасымен және серіктес жұмыс берушілердің қолдауының арқасында, түрлі оқу кабинеттері, жаратылыстану-математика бағытындағы зертханалар ашылды.
Бұл 5 жаңа ІТ-сынып: «KAZ Minerals» бірлесе отырып, 22,2 млн. теңгеге химия пәні оқу кабинеті және екі химия зертханасы; Ж. Ахмеров атындағы цифрлық гуманитаристика кабинеті; Robolab робототехникалық зертханасы ашылды.
Сондай-ақ, Lego Mindstorm EV3 кешені негізінде, роботтарды құрастыру және бағдарламалау бойынша зертханалық жұмыстар кешені алынды, ІТ-мамандықтарда қолданылатын роботтар кешені жаңартылды.
Баспасөз қызметі