Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы – Қазақстан археологиясының даму факторы ретінде» халықаралық онлайн дөңгелек үстелі өтті

Алғаш рет Қазақстан археологтары виртуалды форматта кездесті. 27-сәуірде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Елбасымыз Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» мақаласының жарық көргеніне 3 жыл толуына арналған «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы – Қазақстан археологиясының даму факторы» тақырыбында халықаралық онлайн-дөңгелек үстел өтті.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, профессор, п.ғ.д., Қазақстан Республикасы Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Мұхтар Әділбекұлы Төлеген өз құттықтау сөзінде университеттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға үлкен үлес қосып жүргенін, тарихшыларды, археологтарды дайындайтынын, жоғары оқу орындары арасында алғашқы болып Польшада «Абай» орталығын ашқанын атап өтті.

– Университет археологиялық зерттеулерді жүргізуге қажет техникалық құрал-жабдықтарға, электрорадарларды, ұшқышсыз ұшу аппараттарын, металл детекторларын алуға үлкен көңіл бөледі.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ақбауыр, Елеке Сазы, Берел базаларындағы археологиялық зерттеулерге атақты археологтардың – ШҚМУ түлегі З.С. Самашевтың, Ә.Т. Төлеубаевтың, Ж.К. Таймағамбетовтің және басқа ғалымдардың жетекшілігімен белсенді қатысуда.

2018 жылы университетіміздің базасында «Археология және Алтайдың мәдени мұрасы» мұражайы ашылды, – деді ректор.

Археология мэтрлері С. Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археология, этнология және музейтану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Әбдеш Тәшенұлы Төлеубаев, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің бас ғылыми қызметкері Жәкен Қожахметұлы Таймағамбетов сөз алып, археологиялық зерттеулерді кеңейту үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығын атап өтті, осыған байланысты соңғы үш жылда Шығыста сенсациялық жаңалықтар ашылды. Бұған Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бағдарламасы және қаржылық қолдауы үлкен рөл атқарды.

Әзірбайжаннан келген тарих ғылымдарының кандидаты, Әзірбайжан Республикасы ғылым академиясының Археология және этнография институтының бөлім меңгерушісі, қазақ-әзірбайжан экспедицияларының мүшесі Заур Гасанов осы экспедициялардың үш жыл ішіндегі нәтижелері туралы айтты.

Конференцияға онға жуық спикер, Қырғызстан мен Қазақстанның түрлі аймақтарынан археологтар, «Рухани Жаңғыру» қазақстандық әлеуметтік даму институтының жетекшісі Жанар Буканова, «Рухани Жаңғыру» облыстық орталығынің жетекшісі Мәдениет Ахметова, докторанттар, магистранттар, студенттер қатысты.

«Алтайтану» орталығының аға ғылыми қызметкері Е.М. Қариев «ШҚМУ-дың «Рухани жанғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы археологиялық зерттеулерге қосқан үлесі» баяндамасын жасады.

Жұмыс соңында келесі ұсыныстар айтылды: Қазақстанда ғылыми-зерттеу институтын немесе этнография және археология орталығын құру, ғылыми байланыстарды нығайтуға, бірлескен халықаралық экспедициялар өткізуге бағытталған халықаралық интеграцияны жалғастыру, Қазақстандағы археологиялық жұмыстардың әдістері, Шығыс Қазақстандағы соңғы үш жылдағы археологиялық зерттеулердің нәтижелері туралы бірлескен кітап дайындап, басып шығару.

Сонымен қатар, ШҚМУ базасында археология және этнология кафедрасын ашу, археология және этнология мамандығы бойынша студенттер даярлауды бастау ұсынылды (З.С. Самашев).

Мұнымен қоса, карантин жағдайында археологиялық экспедицияны ұйымдастыру және практикалық сабақтар өткізу мерзімдері туралы мәселелер көтерілді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo