Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Рухани Жаңғыру» бағдарламасына қатысты ашық дәріс өтті

Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті әдістемелік онкүндігі аясында Рухани Жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Б. Шүршітбай 2 курс студенттеріне «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ үлесі» ашық дәрісін өткізді.

Дәрісте «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының алты бағыты талданып, осы бағыттағы университет атқарған жұмыстар айтылды. «100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында университетке келген 19 оқулыққа сипаттама берілді.

Университет ректоры бастамасымен бағдарлама аясында өтіп жатқан және өтетін оқу-әдістемелік, тәрбиелік іс-шаралар талданып, аудитория қолдауына ие болды.

Студенттер «Қоғамдық сананы жаңғырту» пәнінің ұлттық құндылықтарды, мәдениетті дамытуға ықпалы көп екенін тілге тиек етіп, пәннің оқу үрдісіне енгізілгеніне алғыс айтты.

Іс-шараға қатысқан әдістемелік бөлім, кітапхана мамандары, кафедра оқытушылары сабаққа жоғары бағалады.

Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

Қазақ
× You found a Typo