С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасының үш жылдығына арналған «Қоғамдық сананы жаңарту: стратегия, тактика, рефлексия» республикалық ғылыми-әдістемелік вебинары өтті.
Оған ШҚМУ, Қазақ спорт және туризм академиясы (Алматы қ.), А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті (Қостанай қ.), Қазақ-Американ еркін университеті (Өскемен қ.) гуманитарлық кафедраларының оқытушылары, Философия, саясаттану және дінтану институтының (Алматы қ.) қызметкері, профессор А. Сағиқызы қатысты.
Вебинарда ғалымдар А. Сағиқызы (ФСДИ), Д. Качеев (ҚМУ), Ф. Қабдрахманова (ШҚМУ), Е. Винокурова (ҚазСТА), Е. Егоренкова (ҚАЕУ), ШҚМУ докторанттары Е. Савчук, Е. Рякова, магистранттары Р. Финаева, Ш. Қарлығаш баяндама жасады.
Семинарда ЖОО-дағы жұмыс әдістеріне, жаңартудың теориясы мен тәжірибесіне қатысты мәселелер талқыланды. Оның қорытындысында материалдар жинағын шығару жоспарлануда.
Вебинарға қатысқандар және сырттай қатысуға ниеттілер материалдарын 30-сәуірге дейін мына поштаға жібере алады: elenasavchuk@yandex.ru..
Рухани жаңғыру және әлеуметтік- гуманитарлық пәндер кафедрасы