Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Рухани жаңғыру» кафедрасы ашылды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Рухани жаңғыру» кафедрасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Кафедра С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор Мұхтар Әділбекұлы Төлегеннің бастамасымен құрылған. Салтанатты рәсімді танымал ақын, публицист, журналист, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет және университет ректоры Мұхтар Төлеген өткізді.

Оқу орнының басшысы қонақ болып келген Ұлықбек Есдәулетке кабинетті, әдістемелік-көрнекі құралдарды, ЖОО ғалымдарының еңбектерін көрсетті, мейман университетті аталмыш айтулы оқиғамен құттықтады. Жаңадан ашылған кафедра атынан профессор М.Т. Мағзұмов және тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің деканы Ә.А. Өскембай сөз сөйледі.

Қонақтар қатарында «Рухани жаңғыру» қазақ фольклорын зерттеу экспедициясының жетекшісі Бағдат Есдәулетова, облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің басшысы Мәдениет Ахметова, облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының директоры Эльдар Төлеубеков, Жазушылар одағының мүшесі, журналист, филология ғылымдарының кандидаты Айтмұхамбет Қасымов және т.б. болды.

Кездесу дөңгелек үстел форматында өтті.

Кафедрада саясаттану (бакалавриат), философия, мәдениеттану (магистратура), философия (докторантура) мамандықтары дайындалады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес университет студенттеріне екінші семестрден бастап «Қоғамдық сананы жаңғырту» атты жаңа пән оқытылады.

Кафедра меңгерушісі – Ф.Қ. Қабдрахманова, оқытушылары – философия ғылымдарының докторы, профессор К.Б. Ахметжанова, профессор М.Т. Мағзұмов, профессор В.М. Шелепов, философия ғылымдарының кандидаты Н.Б. Игісінова, доцент Е.Ж. Сейтембетов, тарих ғылымдарының кандидаты Б.Ш. Шүршітбай, философия магистрі А.Т. Жиренова, докторант Е.Г. Рякова, докторант М.Ш. Шүршітбай, философия магистрі Н.С. Слабодчикова және басқалар.

Кафедра магистранттары арасында «Университет мақтанышы» кеуде белгісінің иегері, «Гранит науки» байқауының жүлдегері, 6 ғылыми басылым авторы, көркем гимнастикадан спорт шебері, ел чемпионы т.б. жүлделі орындардың иегерлері бар.

Фото https://cloud.mail.ru/public/32n7/BP7vzPM58

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo