С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік унниверситеті Жоғары колледжінде «Рухани жаңғыру жолындағы жас ғалым» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Оның мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру. Конференцияға 19 студент қатысты. Олар лингвистикалық, педагогикалық-психологиялық бағыт және жаратылыстану-математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша екі секцияға бөлінді.
Әр қатысушы ғылыми жұмыстарына тыңғылықты дайындалып келіпті. Зерттеу жұмыстарында жаңашылдық пен өзекті мәселелерге баса назар аударған. Мысалы, Шырай Ерболова «Латын әліпбиі – заман талабы» тақырыбын теориямен қатар практика жүзінде қолданып, латын қарпінде «Менің отбасым» эссесін жазған. Дарья Вошкина «Шет тілін меңгерудегі кедергілер» тақырыбын алып, ағылшын тілінің маңызы туралы айтты.
Барлық студенттердің баяндамалыры тындалып, қазылар бағаларын берді. Үздік шыққандарға марапат қағаздары табысталды.
Р. Дүйсембаева,
Жоғары колледж