Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Руханилықтың кәусар бұлағы» атты көрме ашылды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында, студенттер мен педагогикалық қауымдастық арасында рухани –адамгершілік білім беру идеяларын кеңінен тарату мақсатымен университетіміздің Ғылыми кітапханасында «Руханилықтың кәусар бұлағы» атты көрме ашылды.

Оқырмандар назарына қазақстандық және әлем ойшылдарының, гуманист-педагогтардың  шығармалары, рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы С. А. Назарбаеваның кітаптары, «Өзін-өзі тану» бағдарламасы мен «Бөбек» қоры туралы мағлұмат беретін кітаптар, журналдар және рухани –адамгершілік тақырыбындағы әңгімелер мен ертегілер жинақтары ұсынылады.

Көрмемен кітапхананың ғылыми абонементінде (№1 оқу ғимараты, 103 ауд.) таныса аласыздар.

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo