Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Самғау» әлеуметтік табыс мектебі ашылды

«Алтайтану» ҒЗО әзірлеген «Самғау» әлеуметтік табыс мектебі» жобасы аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да студенттердің кәсіпкер Мұхтар Тойбазаровпен алғашқы кездесуі өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Алтайтану» орталығы «Самғау» жобасын әзірледі. Жоба мақсаты – гуманитарлық білім беделін арттыру.

Мектептің алғашқы қонағы танымал ресторатор, тарихшы, өлкетанушы, Мәскеу тарих-мұрағат институтының түлегі Мұхтар Тойбазаров болды.

– Студенттік шақта зерттеп үйрену керек, яғни мәселені көріп, оны жан-жақты талдап, зерттеп, мақсат қойып, оған жету жолдарын іздеу қажет. Мен осыны қолданамын, кәсібімнің табыстылығының құпиясы – креатив, табандылық, нақты жоспар, ниет, ең бастысы жұмыстан рақат алу, – деді Мұхтар Серікұлы.

Студенттер тарихи білімнің табысты бизнес жасау үшін, яғни талдау, қарым-қатынас жасау, адамдарды иландыру үшін қаншалық пайдалы екенін түсінді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo