Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «SANALY URPAQ» жобасын іске асыру бойынша фронт-офис ашылды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «SANALY URPAQ» жобасын іске асыру бойынша фронт-офис ашылды.

Офистің ашылуына мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының жетекшісі Саян Қылышұлы Ахметжанов, «Саналы ұрпақ – Жарқын болашақ» республикалық жобалық офисінің жетекшісі Қайыржан Ахметбекұлы Токушев, ШҚО бойынша агенттік департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы қатысты.

Қонақтар №1 оқу ғимаратының және Студенттер үйлерінің жанындағы студенттерге қызмет көрсету орталығында болып, орталық жұмысымен және ЖОО студенттеріне арналған қызметтерді көрсету жүйесімен танысты.

– Жемқорлықтың алдын алу шараларының бірі – қызметтерді көрсетуді автоматтандыру және цифрландыру. Сол себепті қыркүйекте осы орталықты аштық, – деді ЖОО ректоры Мұхтар Төлеген.

Бұдан соң 1-ші диалог алаңы өтіп, сатушысы жоқ, бірақ тауары ақшаға сатылатын дүкен мен кітапханашысы жоқ кітапхана ашылды. «Адалдық дүкенінде» картиналар, ойыншықтар, қолөнер бұйымдары, сусындар, печенье, шоколад және т.б. сатылады.

Мұнан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялармен, жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие беру жөніндегі ғылыми-оқу әдебиеттерімен, үлестірме материалдармен жарақталған «SANALY URPAQ» зертханасы ашылды. Зертхана қабырғаларына Абайдың нақыл сөздері мен «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» ұрансөзі жазылған шағын баннерлер ілінген. Ашылу аясында 2-ші диалог алаңы және студенттермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар жөніндегі тренинг өтті.

– Білім саласындағы жемқорлықты жою басты мақсатқа айналуы тиіс, – деді Қайыржан Токушев.   

Қонақтар «Altai jastary» медиаорталығының  телестудиясында болып, болашақ журналистерге сұхбат берді.

– Жемқорлықтың алдын алу мәселесіне әрбір азамат көңіл бөлуі қажет, – деді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының жетекшісі Саян Ахметжанов.

«Саналы ұрпақ – Жарқын болашақ» республикалық жобалық офисінің жетекшісі Қайыржан Токушев жемқорлыққа қарсы қолданылып жатқан шаралар туралы айтты. Оның айтуынша, белсенді жұмыстар нәтижесінде елдегі коррупция деңгейі 10-15 пайызға кеміген.

Бұдан соң «ШҚО білім беру ұйымдарында жобасын іске асыру: «SANALY URPAQ»  жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» дөңгелек үстелі өтіп, қорытындысында қарар қабылданды.

– Білім саласындағы жемқорлықты жою – мемлекеттің басты бір міндеті. ШҚМУ бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Олар – ЖОО жұмысына жемқорлық бойынша мониторинг және талдау жүргізу, оқытушылар мен қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріс-тұрыс стандарттарын әзірлеу және басқалар, – деді ШҚМУ ректоры М. Төлеген.

Мұнымен қоса, барлық студенттерге «Коррупцияға қарсы мәдениет негіздері», «Құқық негіздері» курстары, «Заңгер» мамандығының студенттеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері» курсы тереңдетіліп оқытылады.

– Келешекте осы зертханада студенттердің коррупцияға қарсы білімдерінің тиімділігін анықтайтын әдістеме әзірленеді. Жемқорлықпен күреске студенттер белсенді тартылуда. Айталық, шығармашыл жастар қысқы сессия қарсаңында «ШҚМУ студентінің коррупцияға қарсы сынақ кітапшасын» әзірледі, – деді ректор.

Жыл сайын жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жемқорлықсыз әлем» танымдық ойыны, дөңгелек үстелдер, конференциялар, курстар өткізіледі, «Нұр Отан» партиясымен іскерлік байланыс орнатылған. 

Мұхтар Төлегеннің айтуынша, биыл ШҚМУ «Академиялық адалдық лигасына» қосылды, ЖОО-да «Студент пен оқытушының академиялық адалдық ережесі» іске асырылуда. Оқытушыларды жемқорлыққа қарсы тегершіктерді қолдануға ынталандыру, студенттер арасында білім культін қалыпстару жұмыстары қолға алынған. Ал, дәстүрлі «Таза сессия» акциясын өткізу үшін арнайы штаб құрылған. 

Университет емтихандардың ашықтығын қамтитын материалдық-техникалық құрал-жабдықтарға ие. Барлық дәліздер мен дәрісханаларға бейнекамералар қойылған. Емтихандардың көбі тест түрінде өтеді, жазбаша жұмыстардың авторы шифрланады, «Ректор поштасы», сенім телефоны жұмыс істейді.

ЖОО-да сабаққа қатысулардың, үлгерімнің электронды журналы, электронды ведомость орналасқан интернет-жүйе енгізілген.

Жарты жыл сайын ЖОО-да оқытушылар мен студенттер арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, нәтижесі факультет кеңестері мен ректорат отырыстарында қаралады, олар баршаға қолжетімді.

Сондай-ақ, қоғамдық бақылау, алқалық органдар формалары енгізілуде, университетте тәртіптік-антикоррупциялық кеңес жұмыс істейді.

– Ашылып отырған «SANALY URPAQ» фронт-офисі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жасалған айтулы қадам, – деп түйіндеді ойын ректор.

Қ. Токушев жоба туралы толығырақ айтып, ұсыныстартын білдірді.

Түстен кейін меймандар Қазақстан көшесіндегі 59/1 ғимаратта орналасқан «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық офисінің ашылуына қатысты. Офистің мақсаты – тұрмыстық коррупцияны қысқарту, азаматтардың билікке сенімін арттыру.

Баспасөз қызметі

Суреттер сілтемесі https://cloud.mail.ru/public/Ep6S/BHunw9TUh

 

 

 

 

Қазақ
× You found a Typo