Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да сауалнамалар тұрақты түрде жүргізіліп тұрады

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да қажеттілік деңгейін анықтау үшін жұмыс берушілерден, студенттерден, оқытушылардан, қызметкерлерден сауалнама алынуда.

Сауалнамалар «Оқытушы студент көзімен», «Студенттер мен түлектердің білім сапасына қанағаттанушылығы», «Жұмыс берушілердің түлектер сапасына қанағаттанушылығы» сияқты тақырыптары бойынша жүргізіледі.

Сауалнама нәтижелері өңделіп, кафедра, факультет, ректорат отырыстарында қаралады және білім беру қызметін әрмен қарай жоспарлауда ескеріледі.

Айталық, «Сабақ барысында инновациялық педагогикалық технологиялар қолданыла ма?» сұрағына 182 білім алушының 74 пайызы «үнемі» деп жауап берген.

Мұндай мониторинг оқу үрдісін тиімді түзетіп отыруға мүмкіндік береді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo