19 қарашада С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға «Зерттеуші» республикалық ғылыми-білім беру орталығының директоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры Мырзантай Қожабайұлы Жақып келді.
Іссапар мақсаты – «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға!» – «Серпін» бағдарламасының 3-4 курс студенттерімен кездесу.
Кездесуде профессор бағдарламаның негізгі мақсатын түсіндіріп, ШҚМУ-дағы студенттердің тұрмысымен танысып, студенттердің осы білім алып жүрген өңірде 3 жыл бойы жұмыс істеуі қажеттігін айтты.
Диалог барысында жастар университетте олар үшін барлық мүмкіндіктер мен жағдай жасалып отырғанын мақтанышпен жеткізді.
Университет ректоры тарапынан жан-жақты қолдау көріп отырғандарын ерекше атап өтті. Өз тарапынан университет қонағы елдегі кейбір ЖОО-ларында «Серпін» студенттеріне ШҚМУ-да жасалып жатқан жағдайлар болмағанын айтты.
Мысалы, кейбір жоғары оқу орындарында студенттер жатақханаларда орын болмағандықтан пәтерлерде тұруға мәжбүр.
Университеттің «Жас отан» жастар қанатының төрағасы, 3 курс студенті Мұса Сағадат және 2 курс магистранты Бақдәулет Анас «Серпін» бағдарламасының студенттері атынан сөз сөйлеп, болашақ жоспарлары туралы мәлімдеді, профессорға алғыс айтып, естелік суретке түсті.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы