С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Shakhmardan Yessenov Foundation» ғылыми-білім беру қоры барлық курстар студенттерімен, 1 курс магистранттарымен және ғылыми қызметкерлермен ақпараттық сессия өткізді.
Іс-шара мақсаты – академик Шахмардан Есенов атындағы шәкіртақы, әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдамалар, АҚШ стартаптарындағы ІТ-тағылымдамалар сынды білім беру бағдарламаларына өтінім беруді түсіндіру.
Қордық барлық бағдарламалары грант негізінде, яғни тегін өткізіледі.
Баспасөз қызметі