ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген ұжымға шаруашылық департаментінің жаңа директорын – Ерік Қасымханұлы Қалиевті таныстырды.
Жаңа басшыға қойылып отырған басты міндеттер – университет ғимараттарында оқу мен жұмыс істеуге, Студенттер үйлерінде тұруға жайлы жағдай жасау.
Мұхтар Төлеген Панкратьев бағын, Сібедегі демалыс базасын, өзге де әлеуметтік нысандарды күтіп ұстауға ерекше назар аударуды жүктеді.
Ерік Қалиев 2000 жылдан 2014 жылға дейін ШҚМУ-да шаруашылық бөлімінің басшысы, еңбекті қорғау, АҚ және ТЖ жөніндегі маман, әкімшілік-шаруашылық басқармасының басшысы болған.
2014 жылдан 2018 жылға дейін Өскемен қаласы әкімінің істер басқармасында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша инженер, техникалық-эксплуатациялық қамту бөлімінің меңгерушісі, Бұқаралық спортты дамыту орталығының басшысы болып еңбек етті.
Баспасөз қызметі