- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
7 қарашада С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың әкімшілік ғимаратында «Шекарасыз волонтерлық» семинар-тренингі өтті.
Тренингті «Ұлттық еріктілер желісі» бірлестігінің атқарушы директоры Т. Миронюк пен тренері Д. Аққожа жүргізді. Семинарда еріктілер қозғалысының мақсат-жоспарлары талқыланып, жас еріктілерге «волонтер» ұғымы түсіндірілді, жұмыс жасау принциптері үйретілді.
Іс-шара соңында қатысқан студенттерге сертификаттар тапсырылды.
Қ. Басбақбаев,
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің маманы