ШҚМУ-да Шемонаиха ауданы мектеп оқушыларының қатысуымен Университет күні болып өтті, оның барысында таныстыру шаралары және экскурсия өткізілді.
ЖОО мамандары балаларға университет мамандықтары туралы, сонымен қатар құжаттарды қабылдау комиссиясына ұсыну тәртібі туралы айтып берді.
Іс-шара аясында олар «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығында, Біліктілікті арттыру орталығында, Жоғары колледжде, Криминалистикалық орталықта, Сирек кітаптар қорында, Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінде, химия зертханаларында, «Шығыстың інжу-маржандары» мұражайында, №4 және №5 студенттер үйінде болып, олардың жұмысымен танысты.
Баспасөз қызметі