- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
27 қаңтарында шетел студенттерімен жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты барлық шетел азаматтарына Қазақстан Республикасына кіру және шығу ережелеріне өзгерістер енгізілгенін хабарлау болды.
Жиналысты ұйымдастырушы ХЫБ маманы Тлеухан А. және ХЫБ инспекторы Нұрлыбекова М.
Жиналыс кезеңінде барлық шетел азаматтары жаңа заңмен таныстырылып, көпмәртелік және бірмәртелік оқу визаларының мемлекеттік төлемақысының өскені жайында және де шетел азаматтарының тұрақты тіркеуі жайында сөз талқыланды.
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі