Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «ШҚМУ. Жаңғыру 3.0: жағдайы, қорытындысы, келешегі» семинар-кеңесі өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ректор Мұхтар Төлегеннің төрағалығымен «ШҚМУ. Жаңғыру 3.0: жағдайы, қорытындысы, келешегі» семинар-кеңесі өтті.

Жиында Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің жетекшісі А. Балаева өткізген кеңесте ЖОО ректорларына берілген «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы бойынша тапсырмалардың орындалуы тексерілді.

Бағдарламаның ШҚМУ-да іске асырылуы туралы СД және ҒЖ жөніндегі проректор И. Ровнякова ақпарат берді.

Оның айтуынша, жалпыуниверситеттік деңгейде «100 жаңа монография», «Ұлтты бастар – рухты жастар», «100 жаңа оқулық» жобалары қолға алынған. Сондай-ақ, ЖОО «Саналы азамат» бағдарламасына қатысуда.

– Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі А. Қартаеваға және «Рухани жаңғыру» орталығы басшысының міндетін атқарушы Е. Савчукке «Абай» орталығының жұмыс жоспарын әзірлеуді жүктеймін, – деді бұл ретте ректор.

Е. Савчук оқу жылының басынан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 550 іс-шара өткенін хабарлады. Әсіресе, Тарих, филология және халықаралық қатынас, Экономика және құқық, Педагогика, психология және мәдениет  факультеттері белсенді.

Айталық, Қазақстан тарихы кафедрасы өңірлік тізімге енген «Шығыс Қазақстанның өркениеттік феномені» жобасын іске асыруда. Қылмыстық құқық кафедрасы «Сананы және құқықты жаңғырту» форумын өткізуді ұсынып отыр. Сондай-ақ, ШҚМУ-да «Креативті физика», «Химиялық калейдоскоп», «Шекарасыз математика», «Роботты техника» жобалары қолға алынған.

Осы ретте ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген бағдарламаның іске асырылу тиімділігін бағалау үшін студенттерден сауалнама алу керектігін міндеттеді. Есеп 10 сәуірге дейін дайын болуы тиіс.

Проректор А. Толамисовтың хабарлауынша, «Рухани жаңғыру» аясындағы іс-шаралар ішінде «Елімнің өнерқұмар жастары» студентік театрлардың республикалық фестивалі, «Ұлы даланың жеті қыры» театрландырылған қойылымы, «Шығыс дарындары» гала-концерті және басқа да бастамалар бар.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo