Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да ШҚО колледж кітапханашыларына арналған біліктілікті арттыру курсы өтті

 21-25 қаңтар аралығында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Біліктілікті бекіту орталығы ғылыми кітапханамен бірлесіп ШҚО колледж кітапханашыларына арналған «Кітапханашының кәсіптік құзырлығына заманауи технологиялардың көмегі» атты біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Өскемен, Алтай, Семей қалалары колледж кітапханаларының қызметкерлері 36 сағат көлемінде орта техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқытушылар мен оқушыларға ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетудегі жаңа әдіс-тәсілдер, үлгілер және заманауи тенденцияларды талқылады. Осы қызмет саласындағы кітапханалардың тәжірибесімен танысты.

Курс тыңдаушылары көрсетілген әдістемелік көмек пен кітапханалық және ақпараттық ресурстарға ашық түрде қол жеткізу жүйесін ұйымдастыруда тәжірибелік дағдылар алу мүмкіндігін, қазіргі замандағы кітапханалардың электронды ресурстарының мүмкіндіктерін көріп, жоғары бағалай отырып, жаңа ақпараттық-білім беру саласындағы кітапханашы мен пайдаланушы арасындағы қарым-қатынас аспектілерін түбегейлі қарастырды.

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo