С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Интербелсенді тақтаны қолдану арқылы жаратылыстану-ғылыми пәндер циклі бойынша дидактикалық материалдарды әзірлеу» бағытының 1-ші ActivInspire бөлімі бойынша облыс және қала мектеп мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары аяқталды.
Курстар 28 қазаннан 1 қарашаға дейін өтіп, 36 сағатты құрады.
Курсты физика кафедрасы ШҚМУ-дың Кәсіби дайындық және біліктілікті арттыру ресурстық орталығымен бірге ұйымдастырды.
Келер жылдың қаңтарында курстың жалғасы – 36 сағаттық 2-ші ActivStudio бөлімі өтеді.
Курстар біткен соң тыңдаушылар сертификаттар алады.
Физика кафедрасы