С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Педагог мәртебесін көтерудегі әдістемелік қызмет пен үздіксіз білім беру жүйесінің өзара әрекеті» республикалық семинары өтті.
Облыстық білім басқармасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп 29 қазанда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Педагог мәртебесін көтерудегі әдістемелік қызмет пен үздіксіз білім беру жүйесінің өзара әрекеті» республикалық семинарын өткізді.
Семинар мақсаты – ұстаз мәртебесін көтеру жағдайында мұғалімдердің әдістемелік қызметі мен жүйесін жетілдіру бағыттарын анықтау.
Семинарға Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің персоналды басқару және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бастығы А. Дүйсембаева, облыстық білім басқармасының басшысы С. Жұмаділова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ облыстағы мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтының директоры С. Байхонова, филология ғылымының кандидаты, проректор, ҚAЕУ колледжінің директоры М. Кикина, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ проректоры И. Ровнякова, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы, облыстардағы әдістемелік орталықтардың директорлары, аудандық және қалалық әдістемелік кабинет меңгерушілері, облыстық білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Семинардың пленарлық бөлімі С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №5 ғимаратындағы «Рухани жаңғыру» мәжіліс залында өтті.
Семинар барысында көрмелер ұйымдастырылды.
Республикалық семинардың материалдары bilimvkportal.kz-те жарияланады.
Баспасөз қызметі