Психология, педагогика және мәдениет факультетінің әдістемелік апталығы аясында музыкалық білім беру кафедрасы онлайн режимде «ШҚО-ның музыкалық мәдениеті» дөңгелек үстелін өткізді.
Кафедра оқытушылары дарынды жерлестеріміз туралы мәліметтерді жинауда, олар келешекте «ШҚО-ның музыкалық мәдениеті» электронды энциклопедиясында ұсынылмақ.
Дөңгелек үстелде кафедра мамандары жиналған материалдарды музыкалық түрлерге, жанрларға топтастырды.
Сондай-ақ, вокалдық, хорлық, халықтық аспапты, эстрадалық-джаздық, үрмелі музыканы дамыту мәселелері қаралды. Қатысушылар шығысқазақстандық музыкатанушылар қызметімен, Тарбағатай ауданының музыкалық мәдениетімен танысты.
Музыкалық білім беру кафедрасы