С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да М.Ә. Төлегеннің төрағалығымен «Рухани жаңғыру» өңірлік сараптама кеңесінің отырысы өтті.
Облыстық ішкі саясат басқармасы «Рухани жаңғыру» өңірлік орталығының басшысы М.М. Ахметова «Рухани жаңғыру» бағдарламасының және «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласының мақсаты» баяндамасын жасады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруды сараптамалық-әдістемелік қамту туралы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын сараптамалық-әдістемелік қамту бөлімінің әдіскері М.А. Ситникова мәлімдеді.
Композитор, шәкәрімтанушы Б.О. Есдәулетова «Абайдың дара жолы» жобасының сараптамасын баяндады.
Отырыс соңында өңірлік сараптамалық кеңестің ғылыми хатшысы Ж.С. Әубәкірова кеңес құрамындағы өзгерістер туралы ақпарат берді.
Баспасөз қызметі