Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да ШҚО Соттар әкімшісінің басшысы дәріс оқыды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ШҚО Соттар әкімшісінің басшысы Ерғали Айтпай Экономика және құқық факультеті «Заңтану» мамандығының студенттеріне «Қазақстандық қоғамды жаңғырту жағдайында сот жүйесінің тиімділігін арттыру және оның даму келешегі» тақырыбыныда дәріс оқыды.

Студенттер облыс соттарының қызметі, соттарға судьялар мен мамандарды іріктеу іс-шарасы, оларға қажет қабілеттер туралы білді.

Сот жүйесіндегі реформалар, атап айтсақ судья көмекшісі институтын енгізу, сот жүйесін цифрландыру, сот қызметкерлері жалақысын көтеру туралы айырықша айтылды.

Басшы студенттер мен оқытушылар сұрақтарына жауап беріп, университеттегі студенттер дайындығын жоғары бағалады.

Университет пен ШҚО Соттар әкімшісі ынтымақтастығы талқыланды, оның ішінде студенттердің ШҚО соттарында тәжірибеден өтуі, үрдістерге алқаби ретінде қатысуы, судьялардың студенттерге дәріс оқуы сияқты мәселелер қаралды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo