Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Шоқанның 185 жылдығына орай үш елдің ғалымдары қатысқан вебинар өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы ұлы саяхатшы-ғалым, зерттеуші, ағартушы Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығына орай «Гуманизм тарихы: идеядан іске асыруға дейін» екінші халықаралық вебинары өткізді.

Вебинарда «Алтайтану» орталығының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымының кандидаты Жанна Әубәкірова, Алтай мемлекеттік университетінің профессоры Юлий Лысенко, ШҚМУ цифрлық гуманитаристика мамандығының 2 курс студенті Раушан Жақпекова және басқалар баяндама жасады.

Вебинарға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан ғалымдары, оқытушылары, ШҚМУ студенттері, магистранттары, ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Сәуле Үдербаева, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің доценті Әсел Мырзахметова, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті Людмила Гриневская, Қырғыз ұлттық университетінің доценттері Нәзира Момошева, Назира Сұлтанәлиева, Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Таисия Мармонтова (Нұр-Сұлтан қ.), облыстық сәулет-этнографиялық мұражай қызметкерлері қатысты.

Вебинар модераторы – «Алтайтану» орталығының бас ғылыми қызметкері Элеонора Олеговна Столярова.

 «Алтайтану» ҒЗО

Қазақ
× You found a Typo