Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Шығыс дарындары» облыстық байқауы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Музыка кафедрасы «Шығыс дарындары» жыл сайынғы облыстық орындаушылық шеберлік байқауын өткізді.

«Аспаптық орындаушылық» және «Эстрадалық вокал» аталымдарында облыстың аудан-қалаларынан келген 120 қатысушы бақ сынасты.

«Аспаптық орындаушылық» аталымында бас жүлдені Өскемендегі №1 балалар музыка мектебінің оқушысы Шынар Мұрат жеңіп алды, мұғалімі –  М. Маслова. «Эстрадалық вокал» номинациясында бас жүлде Өскемендегі №44 мектептің оқушысы Аяужан Асылбекке бұйырды, мұғалімі – Ж. Әлханова.

Қатысушылардың ешқайсысы марапатсыз қалмады. Барлық жас дарындарға және олардың жетекшілеріне дипломдар, грамоталар, алғыс хаттар табысталды.

Байқау қорытындысы бойынша гала-концерт ұйымдастырылды, оған жүлдегерлер қатысты. Концертті №1 балалар музыкалық мектебінің Е. Сейсенов жетекшілік ететін үрмелі оркестрі ашты.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo