Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да әскери кафедра ашылды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттерінде бірегей мүмкіндік пайда болды, ол – беделді әрі құрметті мамандық алу, яғни әскерге бармай-ақ, университеттің әскери кафедрасында оқып, әскери офицер атану.

Қорғаныс министрі, генерал-майор Н.Б. Ермекбаевтың осы жылдың 11 мамырындағы №328 «Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ-да әскери кафедра құру туралы» бұйрығы негізінде ШҚМУ-да әскери кафедра өз жұмысын бастайды.

Кафедрада өтініш жазып (2019 жылдың 20 мамырына дейін), медициналық тексеруден (2019 жылдың 30 мамырына дейін), кәсіби-психологиялық тестен, физикалық дайындық тексерісінен және конкурстық іріктеуден (2019 жылдың 1 тамызынан 20 тамызына дейін) өткен студенттер 2 курстан оқитын болады.

2019-2020 оқу жылында үш мамандық бойынша оқыту жүреді: «аумақтық қорғанысты ұйымдастыру және жоспарлау», «құрғақтағы әскерлерде тәрбиелік және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру», «психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру». Әскери кадрларды дайындау үшін 2019-2020 оқу жылына 45 грант бөлініп отыр.

Оқуларын аяқталған соң әскери кафедра студенттері жоғары оқу орнын бітіргендері туралы дипломмен қатар, запастағы офицер куәлігін алады. Олар қорғаныс министрлігінде, әскери бөлімдерде, әскери полицияда және басқа да мекемелерде жұмыс істей алатын болады.

Бұл – университетте ашылған Шығыс Қазақстандағы үшінші кафедра. 

Естеріңізге салар болсақ, ШҚМУ-да АӘД мұғалімдерін даярлайтын Алғашқы әскери дайындық кафедрасы да бар.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo