Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да әскери кафедраның салтанатты ашылу рәсімі өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №2 оқу ғимаратында үш мамандық бойынша оқытатын әскери кафедраның ашылу салтанаты өтті.

– Қайырлы күн, құрметті ардагерлер, офицерлер, әскери кафедраның тыңдаушылары, кадеттер! Бүгін ерекше күн – ШҚМУ әскери кафедрасының ашылу күні1. Әскери өнерге бейбіт заманда үйрену керек. Студенттеріміз «жеңу ғылымын» меңгеруі үшін әскери кафедра ашылып отыр, – деді шара жүргізушілері. 

Қорғаныс министрі, генерал-майор Н.Б. Ермекбаевтың осы жылдың 11 мамырындағы №328 «Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ-да әскери кафедра құру туралы» бұйрығы негізінде ШҚМУ-да әскери кафедра өз жұмысын бастайды.

Министр бұйрығын С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә.Төлеген оқыды.

Ректордың айтуынша, кафедра студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер туғызып, оқу орнындағы білім үрдісіне қарқын бермек.

Мұхтар Төлеген 30 мамырдағы Ғылыми кеңесте кафедраға Қабанбай батыр есемін беру ұсынылғанын хабарлады.

– 2019-2020 оқу жылында үш мамандық бойынша оқыту жүреді: «аумақтық қорғанысты ұйымдастыру және жоспарлау», «құрғақтағы әскерлерде тәрбиелік және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру», «психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру», – деп атап өтті ректор.

 Әскери кадрларды дайындау үшін 2019-2020 оқу жылына 45 грант бөлініп отыр. Оқуларын аяқталған соң әскери кафедра студенттері жоғары оқу орнын бітіргендері туралы дипломмен қатар, запастағы офицер куәлігін алады. Олар қорғаныс министрлігінде, әскери бөлімдерде, әскери полицияда және басқа да мекемелерде жұмыс істей алатын болады.

– Бүгін – ерекше күн. Университет осы бастаманы іске асыру үшін көп жылдарды сарп етті. Міне, ақыры қорғаныс министрінің қолдауымен ректор әскери кафедраны ашып отыр. Оның тарихи ғимаратта – оқу орнының тұңғыш корпусында орналасуы да маңызды, – деп құттықтады Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Сонымен қатар, ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Қ.С. Қайырқанов, Өскемен гарнизонының бастығы, 27943 әскери бөлімнің командирі, подполковинк Б.К. Тәжібаев, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ әскери кафедрасының басшысы, полковник О.А. Мансұров, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ардагері, профессор Л.А. Федотова, интернационалист-жауынгер, Ауғанстандағы соғыс ардагерлері ұйымы ШҚО кеңесінің мүшесі, ДШжСТмӘ кафедрасының оқытушысы А.В. Кожуховский құттықтау сөз сөйледі.  

Іс-шараға Ұлттық ұлан әскери бөлімінің, Өскемен әскери-техникалық мектебінің қызметкерлері, Ахмердегі әскери бөлімнің барлаушылар взводы, №4 орта мектептің кадеттері де атсалысты. 

Ашылу салтанатында «Бипэк Авто – Азия Авто» компаниясы әскери-тарихи техникаларын, ал Ұлттық ұлан 5518 әскери бөлімі әскери зат дорбасының формалары мен жиынтығы үлгерін көрсетті, АӘД кафедрасының студенттері өз өнерлерін паш етті.

Кафедрада өтініш жазып (2019 жылдың 20 мамырына дейін), медициналық тексеруден (2019 жылдың 30 мамырына дейін), кәсіби-психологиялық тестен, физикалық дайындық тексерісінен және конкурстық іріктеуден (2019 жылдың 1 тамызынан 20 тамызына дейін) өткен студенттер 2 курстан оқитын болады.

Фото https://cloud.mail.ru/public/3ttP/2uwEwjCWM

Видео https://cloud.mail.ru/public/4ZGS/4qD85ZGdB   

Баспасөз қызметі

 

Қазақ
× You found a Typo