Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Сән үкімі» шоу бағдарламасы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті физика және технологиялар кафедрасы кәсіптік оқыту мамандығының 3 курс студенттері аға оқытушы Маржан Кентпаеваның басшылығымен «Сән үкімі» шоуын өткізді.

Мақсаты – студенттердің мамандыққа қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын дамыту, кәсіби-техникалық білім негізінде жоғары білім алғысы келетін талапкерлерге кәсіптік бағдар беру.

Шараға Өскемен қызмет көрсету колледжі тігін өндірісі және киімді үлгілеу мамандығының оқушылары шақырылды. Оқушыларға университеттің бейнепрезентациясы көрсетіліп, мамандықтар туралы мағлұмат берілді, ақпараттық буклеттер таратылды.

Кафедра меңгерушісі Гүлсім Бектасова студенттерді, келген оқушыларды құттықтап сөз сөйледі.

Бағдарлама шарты бойынша модельдің киіп көрсетуіне қажет lookтарды университеттің кәсіптік оқыту мамандығының 2010 жылғы түлегі, «Тамерлан» сауда үйіндегі сәнді киімдер бутиктерінің иесі Әйгерім Байқанова ұсынды.

Физика және технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo