Физика кафедрасының оқытушылары ZOOM платформасы арқылы Ұлы Жеңіс күніне арналған іс-шара өткізді.
Ол ұрпақтардың тарихи сабақтастығын сақтау, өткенге және бүгінге қамқорлықпен қарау, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында 6-мамырда өтті.
Физика кафедрасы қызметкерлерінің отбасы мүшелері – соғыс ардагерлері Чернов Игнат Иванович, Сейітпеков Аманжол, Гутов Спиридон Федорович, Гутов Степан Федорович, Гутов Михаил Федорович, Михайлов Владимир Васильевич, Смолин Леонид Степанович, Стефаненко Сергей Федорович, Стефаненко Александр Сергеевич, Стефаненко Владимир Сергеевич, Мағзұмов Тілеуқан туралы естелік презентациялар жасалды.
Іс-шараға физика кафедрасының оқытушылары мен қызметкерлері, ЖҒжТФ деканының орынбасары, студенттері, Өскемен қаласындағы мектептердің оқушылары мен мұғалімдері қатысты.
Баспасөз қызметі