- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «Сөйлей Alike» семинар-тренингі өтті.
Жігерлі жасты шыңдайтын қатып қалған тәртіп емес, өз ойын ашық ортаға салатын алаң.
«Мейірім» еріктілер клубының жетекшісі Назым Аманжолқызы мен тәрбие бөлімінің маманы Анас Бақдәулет спикер болып, лидер болу мен дұрыс сөйлеу мәдениетін жастарға түсіндірді. Ашық алаң, қызықты ойын, еркін формат, энергиясы мол позитивті жастар үйлесім тапқан кеш болды.
Тренинг Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Марлен Әбубәкірдің мотивация беретін ойымен басталды. Әрине, көшті қалай бастасаң, солай жүреді. Бастысы – біз біргеміз!
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлім